08.12.2012, 09:34 1826

Еуроодақ Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласын реформалауын қолдайды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталмыш шара Еуроодақтың "Мемлекеттік қызмет реформасы мен Қазақстан үкіметін жаңғырту" атты жобасы аясында өткізіліп отыр.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында халықаралық білім стандарттарының талаптарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқару мәселелерін талқылауға арналған ғылыми-практикалық семинар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталмыш шара Еуроодақтың "Мемлекеттік қызмет реформасы мен Қазақстан үкіметін жаңғырту" атты жобасы аясында өткізіліп отыр.

"Сіздердің елдеріңіз өңірдегі мемлекеттк реформалар жүргізудегі ең алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналды. Еуроодақ Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласын реформалауын қолдайды және барынша көмектеседі", - деді Еуроодақтың ҚР Үкіметінің мемлекеттік қызметін реформалау және жетілдіру жобасы мамандары тобының жетекшісі Джордж Мирогияннис.

Шараның негізгі мақсаты профессор-оқытушылар құрамы мен "Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет" ғылыми журналының редакция алқасын мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар мен қазіргі стандарттармен таныстыру және алдағы уақытта жоғары кәсіби мерзімді ғылыми басылым қалыптастыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны