04.12.2008, 12:08 2176

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан ынтымақтастықты тереңдете түспек ниетте - банк басшысы

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан ынтымақтастықты тереңдете түспек ниетте - банк басшысы

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан ынтымақтастықты тереңдете түспек ниетте. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мироу мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ынтымақтастықты одан әрі жалғастырмақ ниеттеміз. Біз қазір әлемде қиын жағдай туындағанына қарамастан Қазақстанда оны тереңдетуге мүмкіндіктер көп екенін көріп отырмыз ", -деді Т. Мироу.

Осыған байланысты ол кеше Еуропалық қайта құру және даму банкі мен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Kazakhstan Growth Fund инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті.

"Біріккен қор құрылды, бұл әсіресе қазіргі қазіргі қиын кезеңде жақсылықтың белгісі болып табылады ", - деді Н. Назарбаев.

Ол өзара ынтымақтастық жылдарында Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанға $5 млрд жуық инвестиция жұмсағанын атап өтті. "Осының арқасында біз жүзге жуық нысанды пайдалануға бердік", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны