06.02.2018, 16:42 4756

Еуропалық Одақ пен Қазақстан дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығын атап өтуде

Еуропалық Одақ пен Қазақстан дипломатиялық қатынастардыӊ 25-жылдығын Бірлескен мәлімдеме дайындап атап өтуде. Тараптар 1993 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойды.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Еуропалық Одақ пен Қазақстан дипломатиялық қатынастардыӊ 25-жылдығын Бірлескен мәлімдеме дайындап атап өтуде. Тараптар 1993 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойды.

Осыдан бастап сауда, экономика, көлік және қоршаған орта сияқты салалардағы біздіӊ ынтымақтастығымыз жыл сайын кеӊеіп, нығаюда. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтыӊ Қазақстанныӊ еӊ ірі шетелдік инвесторы мен сауда әріптесі болуы айрықша маӊызды жетістік. Оған қоса, ЕО білім, ғылыми зерттеулер, азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы жастарға арналған жобаларды қаржыландыруда.

2015 жылдыӊ 21 желтоқсанында Астанада қол қойылған Кеӊейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КИЫК) - ЕО мен Қазақстан арасындағы қатынастар негізін айқындайтын негізгі құжат. Келісімніӊ негізгі бөлімдері 2016 жылдыӊ 1 мамырдан бастап уақытша жүзеге асыру үрдісінде, әрі 29 саладағы ықпалдастық аясын кеӊейтіп, ЕО мен Қазақстан арасындағы экономика, қаржы, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттыӊ өзгеруі, жұмыспен қамту, әлеуметтік қатынастар, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты.

Қазақстандағы ЕО Елшісі Траян Христеа: "25 жыл, ширек ғасыр уақыты, жаӊа кезеӊ ретінде жаӊа қатынастардыӊ ашылуы мен жетілуініӊ жаӊа бастамасы, екі жақты қатынастардыӊ ашықтығы мен өркендеуі. Аталған қарқынды ынтымақтастық алдағы көптеген жылдарда да нығая беруіне тілектеспін", - деп атап өтті.

Аталған мерейтойға орай Қазақстандағы ЕО Өкілдігі "Ынтымақтастықтыӊ 25 тұлғасы" атты құттықтаулар сериясын ұсынуда, алғаш болып ЕО Елшісі Траян Христеа мен ҚР Елшісі Алмаз Хамзаев қатысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны