11.05.2018, 23:27 3329

Еуропарламент депутаттарына Еуропа елдерінде жасырынып жүрген бірқатартар тұлғалардыӊ қылмыстық әрекеттері туралы баяндалды

Бүгін бас прокурор Қайрат Қожамжаров "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" Парламенттік ынтымақтастық комитетініӊ теӊ төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропа Парламентініӊ депутаттарымен кездесті.

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін бас прокурор Қайрат Қожамжаров "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" Парламенттік ынтымақтастық комитетініӊ теӊ төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропа Парламентініӊ депутаттарымен кездесті.

Шетелдік әріптестерге елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық және қылмыстық-процестік заӊнама реформалары, қадағалау органдарыныӊ рөлі мен қызметі туралы ақпараттар берілді.

Қ.Қожамжаров Еуропа елдерініӊ алдыӊғы қатарлы тәжірибесін Қазақстанда қолдану, атап айтқанда тергеу судьясын енгізу, жасырын тергеу әрекеттерін қолдану, келісімдік және бұйрықтық іс жүргізу, ұстау мерзімін азайту, жазалау мен баламалы бұлтартпау шараларын қолдануды кеӊейту, қылмыстық процестегі тараптардыӊ жарыспалылығын арттыру туралы айтып берді.

Сондай-ақ депутаттарға Құқық қорғау қызметтері орталығыныӊ жұмысы таныстырылды.

Меймандар Қазақстанныӊ әлемдік түрме рейтингісін 3-тен 73-ші орынға жақсартуға мүмкіндік берген елдегі қылмыстық заӊнаманы ізгілендіру тәжірибесіне және процестік заӊнаманы жаӊғырту шараларына қызығушылық білдірді.

Ивета Григуле мен оныӊ әріптестері Қазақстан прокуратурасыныӊ сотталғандарды әлеуметтендіру мен репрессивтілігін төмендетуге бағытталған жұмысына оӊ бағасын берді.

"Бас прокуратура - құқықтық мемлекеттіӊ түп қазығы. Оған азаматтардыӊ құқықтарын сақтау мен қорғауда бар жауапкершілік артылған", - деді Ивета Григуле.

Кездесу барысында Еуропарламент депутаттарына Қазақстанныӊ сот төрелігінен Еуропа елдерінде жасырынып жүрген бірқатартар тұлғалардыӊ, соныӊ ішінде Ибіләзов пен оныӊ жақтастары, Храпуновтар отбасы, ағайынды Рысқалиевтер, Тайжанов және т.б. тұлғалардыӊ қылмыстық әрекеттері туралы баяндалды.

Тараптар Ибіләзовтыӊ қылмыстық әрекеттеріне және елдегі қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған амалдарын сынады.

Кездесуде азаматтардыӊ конституциялық құқығы, жеке өмірге қол сұқпау, сөз бостандығын қорғау мәселелері де талқыланды.

Қ.Қожамжаров Еуропа Парламенті депутаттарына Еуропалық Одақпен кеӊейтілген серіктестік туралы Келісімніӊ жасалуына ықпал еткені үшін алғыс білдірді.

"Өзара іс-қимылдыӊ жинақталған тәжірибесі Қазақстанныӊ құқықтық жүйесініӊ тиімділігін, еуропа кеӊістігінде сенімді серіктес болуға дайын екендігін байқатады. Барша халықаралық қауымдастықты алаӊдататын ауыр қылмыстардыӊ жазасыз қалмауы тиіс екенін растадық", - деп түйіндеді бас прокурор.

Кездесу соӊында Қ.Қожамжаров делегация мүшелеріне ризашылығын айтып, өзара ынтымақтастықтыӊ одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны