23.05.2014, 22:08 1767

EXPO-2017 халықаралық көрмесінің нышанын таңдау байқауы басталды

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің үздік маскоты (нышаны) дизайнына байқаудың басталуы туралы хабарлайды.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің үздік маскоты (нышаны) дизайнына байқаудың басталуы туралы хабарлайды.

Көрменің маскоты алдағы іс-шараның тақырыбын және еліміздің мәдениетінің ерекшеліктерін ең үздік түрде көрсеткен жанды немесе жансыз кейіпкер болуы мүмкін.

Жұмыстар бір ай ағымында 2014 жылғы 20 мамырдан бастап 20 маусымға дейін [email protected]. байқаудың электронды поштасына қабылданады. Барлық жұмыстардың ішінен сарапшылар 7 үздік дизайн -жобаларды таңдайды.

Байқаудың жеңімпазы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-пен Маскоттың брендбугын әзірлеуге келісім-шарт жасасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны