27.05.2014, 22:44 3038

EXPO-2017 мәдени бағдарламасы "Еуразия жүрегі" атауына ие болды - А.Мұхамедиұлы

"Бұл өте ыңғайлы, себебі бірыңғай мәдениет саясаты. Айта кетерлік жайт, өзге елдерді тәжірибесіне сүйенетін болсақ, көрмеге келгендердің 40% ғылыми жетістіктерге, 60% мемлекеттің жеткен жетістігі мен мәдениетіне қызығушылық танытады", - деді сөз соңында министр.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. EXPO-2017 мәдени бағдарламасына "Еуразия жүрегі" айдары тағылған. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

"Біз EXPO-2017 мәдени бағдарламасына "Еуразия жүрегі" деген атауды таңдап алдық. Бұл атауды Елбасының өзі таңдаған және ол біздің еліміздің мәдениетін жан-жақты ашуға, дәріптеп көрсетуге мүмкіндік береді", - деп ведомство басшысы атап өтті.

Сонымен қатар, А. Мұхамедиұлы, көрме барысында қонақтарға еліміздің мәдениет саласындағы заманауи және этнофольклор жетістіктері көрсетіледі.

"Бүгінде EXPO-2017 мәдени бағдарламасының тұжырымдамасы жасақталуда.

Ол мәдени бағдарламаны үйлестіруге мүмкіндік береді. Себебі, көрме мемлекетті толығымен қамтитын болады. Ирине, біз EXPO-2017 барысында еліміздің мәдениет саласындағы жетістігі, этнофольклорлық ерекшеліктері, сонымен қатар классикалық және өзге де мәдениеттің түрлері бойынша жетістіктері көрермен назарына ұсынылады", - деп ол толықтырды.

Бұдан басқа, министр өзге мемлекеттердің халықаралық көрмені өткізу барысындағы тәжірибелерін де тілге тиек етті.

"Бұл өте ыңғайлы, себебі бірыңғай мәдениет саясаты. Айта кетерлік жайт, өзге елдерді тәжірибесіне сүйенетін болсақ, көрмеге келгендердің 40% ғылыми жетістіктерге, 60% мемлекеттің жеткен жетістігі мен мәдениетіне қызығушылық танытады", - деді сөз соңында министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны