12.09.2019, 19:47 22857

Қызылорда облысының әкімі "Facebook" желісінде парақша ашты

Ел - ортақ, жер - ортақ, ондағы қуаныш та, орын алатын проблемалар да ортақ болары заңдылық. Сондықтан ортақ істе бірге жанашырлықпен жұмыла жұмыс жасаймыз деген сенімдемін", - деген облыс әкімі Қ. Ысқақов парақшасындағы жазбасында.

Қызылорда. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов "Facebook" әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашты. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің жаңадан ашылған парақшасында мәлімдеді.

"Кез-келген істің өнімділігі мен нәтижелілігі үшін тәртіп пен белгілі бір жүйе болғаны дұрыс деп есептеймін. Мен күн сайын жергілікті және республикалық, әлемдік кеңістікте орын алған басты жаңалықтар мен әлеуметтік желіде жарияланған маңызды жазбаларды оқимын. Мақсатым - қажетті ақпараттармен танысу, қоғамдық көзқарастарды білу.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та халықпен ашық диалог орнатуды бізге жүктеді.

Осы ретте, Өзімнен бастап, орынбасарларым, аппарат басшысы, кеңесшілерім, аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары әлеуметтік желіге тіркеліп, халықпен ашық байланыс орнатуда.

Бұған дейін уақытты тиімді қолдануға әрі өзіме жұмыс істеуге ыңғайлы желі түрі Твиттерге тіркелдім, жаңалықтар, өтініш-пікірлермен танысып отырмын. Десек те, тұрғындар тарапынан басым бөлігі фейсбукті қолданатындарын айтып, сонда парақша ашу жөніндегі ұсыныстар жиі айтылуда. Сол ұсыныстарды біршама уақыт зерделеп, бүгін жеке парақшамды іске қостым.

Бүгінге дейін барлық сала өкілдерімен жеке-жеке кездесу өткізіп келемін. Ондағы мақсатым да осы - өңір халқының проблемасын бірлесіп шешу. Ел - ортақ, жер - ортақ, ондағы қуаныш та, орын алатын проблемалар да ортақ болары заңдылық. Сондықтан ортақ істе бірге жанашырлықпен жұмыла жұмыс жасаймыз деген сенімдемін", - деген облыс әкімі Қ. Ысқақов парақшасындағы жазбасында.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны