01.09.2016, 13:49 3317

Финляндия Республикасы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу шартына қол қойды

Құжатқа "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компания Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Финляндияныӊ Ұлттық секциясыныӊ комиссары Севери Кейняла қол қойды.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Финляндия Республикасыныӊ "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу шартына қол қоюы өтті. Құжатқа "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компания Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Финляндияныӊ Ұлттық секциясыныӊ комиссары Севери Кейняла қол қойды.

Кездесу кезінде Ахметжан Есімов фин тарапын Көрмені ұйымдастыру және ЭКСПО-2017-ні халықаралық ілгерілету бойынша жұмыспен таныстырды. Ұлттық компания басшысы бүгінгі күні Көрмеге қатысуды 98 ел және 18 халықаралық ұйымдар растағандығын айтты.

"Жаӊартылған энергия көздерін қолдану саласында Финляндия еуропалық елдер арасында көшбасшылардыӊ бірі болып табылады. ЖЭК дамытудағы біздіӊ тәжірибеміз Көрме қатысушылары мен келушілер үшін қызықты болатындығына сенімдімін", - деді Ахметжан Есімов.

Финляндиядағы жаӊартылған энергия көздерініӊ үлесі 33% құрайды. Осыған орай 2020 жылға қарай ЕО тарапынан Финляндия үшін белгіленген бұл үлесті 38%-ға дейін арттыру мақсаты шынайы болып көрінеді. Биомасса базасында энергия үлесі барлық ЖЭК 80% құрайды. Биоэнергетиканы қолдануды арттыру Финляндияға энергиялық қорлар импортынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Финляндияныӊ Ұлттық секциясыныӊ комиссары Севери Кейняла елдіӊ осындай ауқымды халықаралық іс-шараларға басқа скандинавиялық елдермен бірлесе қатысқандығын мәлімдеді. Алайда, біздіӊ достық екі жақты қатынастарды және Көрменіӊ өзекті тақырыбын ескере отырып, Финляндия өз бетімен қатысу шешімін қабылдады.

"Финляндия Республикасыныӊ ЭКСПО-2017-ге қатысуы экономикалық түрде тиімді ұйымдастырылады. Біз фин павильоныныӊ шеӊберінде біздіӊ жұмыстыӊ нақты мақсатын белгіледік - бұл біздіӊ елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ қазақтандық нарыққа фин бизнес-қауымдастықтары мен энергетикалық компанияларын тарту", - деді Севери Кейняла.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны