14.07.2014, 20:21 3025

Физикадан халықаралық олимпиада президенті қазақстандық оқушылардың қабілетін жоғары бағалады

Физикадан халықаралық олимпиада президенті Ханс Йорданс бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қазақстандық оқушылардың қабілетін жоғары бағалады.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Физикадан халықаралық олимпиада президенті Ханс Йорданс бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қазақстандық оқушылардың қабілетін жоғары бағалады.

"Қазақстандық мектеп оқушыларының физика пәні олимпиадасына қатысқан құрамасы халықаралық аренада елдің атын шығаруда. Осындай бәйгелердің бірінде Қазақстаннан келген оқушылардың барлығы 25 медальдің 24-ін алғанын сіз бен біз білеміз. 2009 жылы сіздің ел екі алтын, 2011 жылы 3 күміс алды", - дейді Х.Йорданс.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың жоғарғы көрсеткіші еліміздегі білім беур жүйесінің сапасына байланысты.

"Олимпиаданың басты мақсаты теориялық және эксперименттік кезеңдермен топтардың өзара бір-бірімен сынасуы болып табылады. Мұнда бір ғана қатысушы жүзден жүйрік шығады. Бізідң елде бүгінге дейін алтын да, күміс те, қола да болды. Біз шараны барынша мол медаль табыстауға ыңғайлап ұйымдастырамыз", - дейді.

IPHO президентінің айтуынша, мұндай байқаулар жалпы ғылымның даму деңгейін көрсетеді. "Илемдегі ғылымның дамуы - физика олимпиадасының басты мақсаты. Мұнда үміткерлер бір-бірімен кездесіп, пікір алмасады. 5-10 жылдан кейін олар нағыз ғалым болып, ғылымның дамуына үлес қосады", - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 45-інші халықарылық физика олимпиадасы 21-інші шілдеге дейін өтеді. Олимпиадаға әлемнің 85 елінен 700-дей оқушы қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны