03.05.2019, 10:50 7530

FlyArystan бірінші күні 720 жолаушыны тасымалдады

2019 жылдың 1 мамырында FlyArystan қазақстандық лоукостері Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жайлы 180 орынды Airbus A320 ұшағында алғашқы рейсін орындады.

Нұр-Сұлтан. 3 мамыр. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 1 мамырында FlyArystan қазақстандық лоукостері Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жайлы 180 орынды Airbus A320 ұшағында алғашқы рейсін орындады. Жолаушылар ыңғайы үшін жоғары сапа, қолжетімді бағалардан бөлек, әуекомпания былғары теріден жасалған,ара қашықтығы 70-82 см.Recaro 3530 SLIM креслолары бар салондарды ұсынады. Дәл сол күні Алматы-Тараз-Алматы бағыты бойынша екінші коммерциялық рейс те орындалған болатын. Нәтижесінде FlyArystan операциялық қызметтің бірінші күнінде 720 жолушыны тасып үлгерді.

"Эйр Астана"-ның президенті, әрі бас орындаушы директоры Питер Фостер, жас, әрі мобильді қазақстандық буынның алдында биік мүмкіндіктер мен көкжиектер ашылып, бұдан былай бүкіл халық қалаған жерге жиі, сонымен қатар арзан жете алады деген ойда. "FlyArystan әлемдік тәжірибеде кеңімен таралған бюджеттік әуекомпаниялар моделі бойынша жұмыс істеп, керек жерде, қажет уақытта пайда болып отыр. Біз жолаушылар ағымын ішкі бағыттармен қатар, шетелдік бағдарлар бойынша өсіруді ниеттеніп отырмыз. Келешекте отанымызбен қатар шет елдерде де базаларымызды орналастыру біздің бірден-бір мақсатымыз. Ал оған дейін Қазақстан ішінде қолжетімді сапар шегуге мүмкіндік беріп, FlyArystan аймақтық экономиканың дамуына зол үлесін қосады деген нық сенімдеміз", - деп мәлімдеді "Эйр Астана"президенті Питер Фостер мырза.

Оған қоса бүгін бірінші отандық лоукостер көптен күткен Қарағанды мен Оралға да алғашқы рейстерін орындамақ. Аталмыш бағытқа билеттер сатылымы сәуір айында жабылып, бірінші рейстерде толық бортты апару жоспарланып отыр. Осылайша жыл соңына дейін FlyArystan 700 мың адамды тасымалдап, бірте-бірте бағдарлар желісін ел ішімен қатар, шет елдерге дейін кеңейтуді көздеп отыр.

"Жолаушыларға бақыт сезімін сыйлау біз үшін үлкен ғанибет. Себебі олардың арасында ұшақпен бірінші рет сапар шеккен жолаушылар да болды. Енді барлық адамдар тез, жайлы, әрі арзан саяхаттай алатыны аса қуанышты. FlyArystan арқасында қазақстандықтар туған-туыстарымен жиі көрісіп, бизнестерін дамытып, аймақтық экономика, жергілікті туризмді дамытып, туған өлкенің ең әдемі жерлерімен таныса алатынына кәміл сенеміз", - деп FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова ой бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы 29 наурызда Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал, Қарағанды, Павлодар мен Шымкентке билет сатылым ашқан еді. Билеттерді лоукостердің ресми flyarystan.com сайтында брондауға болады.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 4 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны