14.12.2009, 13:42 2772

Фотосуретші Едіге Ниязовты өлтірген күдіктілер ұсталды

Фотосуретші Едіге Ниязовты өлтірген күдіктілер ұсталды

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Фотосуретші Едіге Ниязовты өлтірген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"29 қарашада Павлодар қаласында өз үйінде пышақ жарақаттарымен 69 жастағы Едіге Ниязовтың мәйіті табылды, ол Ресей, Франция және еліміздің әйгілі фотоклубтарының мүшесі ретінде белгілі болатын. Мәйітті фото іс бойынша сабаққа оның үйіне келген оқушылар тапты. Полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның үйіне екі адамды жеткізіп салған таксисті анықтады. Біраз уақыттан кейін күдікті 20-22 жастағы қала тұрғындары ұсталды",- деді Қ.Жұманов.

"Кісі өлтіру мас күйде туындаған жанжалдың негізінде болғаны анықталды. Қылмыскерлер ақша, DVD-плейер, бірнеше мерейтой тиындарын және ескі фотоаппаратты ұрлаған. Сонымен қатар олар пышақты, өздерінің сыртқы киімдері мен аяқ киімдерін Ертіс өзеніне лақтырып тастағандығы анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны