Система Orphus

Францияныӊ Қазақстанға салған инвестициясыныӊ жалпы сомасы 13,6 миллиард еуроны құрайды

08.08.2017, 19:52 1810

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Орталық Коммуникациялар Қызметінде Францияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьен мырзаныӊ қатысуымен "Франция-Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл" атты баспасөз конференциясы өтті.

Франция-батыс елдерініӊ арасында еӊ бірінші болып 1992 жылғы 25-қаӊтарда, Қазақстанныӊ егемендігін мойындаған мемлекет. 1992 жылдыӊ қыркүйегінде Президент Назарбаевтыӊ Парижге еӊ алғашқы ресми іссапары барысында, Қазақстан мен Франция Екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастыӊ орнауы жайында протоколға қол қойды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары Франция Президенті Франсуа Миттеранныӊ 1993 жылы Қазақстанға іссапары кезінде талқыланды.

Қазақстан - 2008-жылдыӊ маусымында Франциямен стратегиялық серіктестік орнатқан Орталық Азиядағы жалғыз ел.

Саясат, экономика, мәдениет салаларында тығыз әрі мазмұнды ынтымақтастықтыӊ орнауыныӊ 25-жылдық мерейтойы аясында Франция Елшілігі биылғы жылы Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінде көптеген мәдени-саяси ісшаралар ұйымдастыруда. Бұл мәдени маусым 2016-жылдыӊ маусым айында Генерал Де Голльдыӊ Байқоӊырға сапарыныӊ 50 жылдығын атап өтумен басталып кеткен еді.

Екі ел Мемлекет басшылары, министрлер және парламентарилер арасындағы екіжақты саяси диалог қарқынды түрде дамуда. Біз үнемі үкіметаралық және ведомоствоаралық консультациялар ұйымдастырамыз, келесі үкіметаралық комиссия үстіміздегі жылдыӊ 7-қыркүйегінде Астанада өтеді деп жоспарлануда.

2015-жылдыӊ наурыз айында Астана мен Парижді жалғастыратын тікелей әуе қатынасыныӊ ашылуы - екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени алыс-берістіӊ дамуына ықпалын тигізді.

Бүгінде Франция -Қазақстанныӊ негізгі сауда серіктестері тізімінде 6-орынға орналасқан. Ал француз компаниялары -Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосқан ірі инвесторлар қатарынан табылады. Француздардыӊ Қазақстанға құйған капиталыныӊ жалпы сомасы - 13,6 миллиард еуроны құрайды.

Қазақстан-Франция Сауда-өнеркәсіп палатасы Франция, франкофон серіктестер мен Қазақстан арасындағы іскерлік қатынастарды нығайтуға және дамытуға өз үлесін тигізуде.

Экономикалық жағынан алар болсақ, біз уран өндіру (Катко-КазАтомӨнеркәсіп пен Арева арасындағы ортақ өнеркәсіп), темір жол локомотивтері (Альстом), титан құймаларын өндіру (AIRBUS), мұнай (Total), цемент (Vicat), фармацефтика (Санофи), сумен қамсыздандыру (Veolia), агроиндустрия (Danone, Lactalis-Foodmaster, Soufflet) салаларында қарқынды байланыс орнаттық.

Астана Экспо-2017 көрмесіне де белсене қатысудамыз. Франция еӊ алғашқылардыӊ қатарында бас комиссарын тағайындап, 2015-жылдыӊ 5-қарашасында Астана Экспо-2017мен Келісімге қол қойды. Ал біздіӊ павильонымыз 1084 шаршы метр аумағымен еӊ үлкен үш павильонныӊ қатарында.

Мәдени және университеттік байланысымыз да даму үсітнде: 2014-жылдыӊ қыркүйегінде Алматыда Орталық Азия бойынша теӊдесі жоқ "Институт Сорбонна-Қазақстан" ашылды, сонымен қатар Қазақстанда үш Француз Альянсы. Ал Астанада бір француз мектебі жұмыс істейді.

Жоғарғы басқару мамандарын дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентініӊ қасындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы мен Францияныӊ Ұлттық Басқару мектебі арасында байланыс оррнатылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны