22.04.2014, 20:34 3048

Г. Ибдіхалықова Қазақстан Үкіметінің отырысында қаралған сұрақтар туралы баяндады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары атап өткендей, 2005 жылдан бастап бағдарламаға 200 мың адам тартылған, 11 мың га жер өңделіп, 44 млн астам талдардың көшеттері отырғызылды.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Үкімет отырысында қарастырылған сұрақтар туралы айтты.

"Ассамблея - бұл ерекше институт, Мемлекет басшысы біздің халықтың бірлігін арттыру үшін оны құрды. ҚХА сессиясында Үкіметке негізгі тапсырмалар жүктелді, олар Үкімет отырысында қаралды. Біріншіден, Қазақстан Ассамблеясының жылы мен Конституцияның 20 жылдығын өткізу жоспарын дайындау жүктелді. Шаралардың ұлттық жоспары барлық республика бойынша жүзеге асады. Келер жылғы барлық шаралар халық бірлігіне бағытталған", - деді Г. Ибдіхалықова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, республикалық деңгейде Қазақстан халықтары форумын өткізу жоспарлануда. Сондықтанда аймақтық деңгейлерде барлық шағын Ассамблеялардың жұмысын жандандыру және қоғамдық келісімді нығайту тапсырылған.

"Екіншіден, "Жасыл ел" бағдарламасын одан ары дамыту үшін ұсыныс беру тапсырылды. Бүгінде "Жасыл елдің" дамыған инфрақұрылымы бар. Оның үстіне соңғы жылдары кейбір түйткілдерге байланысты бағдарламаны іске асыруда кемшіліктер байқалуда. Олардың ішінде қаржыны теңдей бөлмеу мәселесі де бар. Сондықтанда алдағы уақытта бағдарламаны жүзеге асыру барысы қайта қаралады және онда аймақтық ерекшеліктер ескеріледі", - деп Г.Ибдіқалыкова ағынан жарылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары атап өткендей, 2005 жылдан бастап бағдарламаға 200 мың адам тартылған, 11 мың га жер өңделіп, 44 млн астам талдардың көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар, бүгін Үкімет отырысында ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері көтерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны