03.02.2014, 21:55 3664

Г. Ибдіхалықова ҚР БҒМ-не 2014 жылдың соңына дейін Астанадағы Ұлттық биотехнология орталығының құрылысын аяқтауды тапсырды

Жұма күні БҒМ кеңейтілген алқа отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова ведомствоға Астанадағы Ұлттық биотехнология орталығының құрылысын аяқтауды тапсырды.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Жұма күні БҒМ кеңейтілген алқа отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова ведомствоға Астанадағы Ұлттық биотехнология орталығының құрылысын аяқтауды тапсырды.

"Нысанның құрылысы әлі де аяқталмай отыр. Орталықты осы жылы қолданысқа беруді тапсырамын", - деді Г. Ибдіхалықова.

Сондай-ақ, ол 2007 жылы Мемлекет басшысы Астанадағы аталмыш орталықты 2008 жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырғанын атап өтті.

"Нысанды тапсыру уақыты бірнеше рет өзгертілді. Алайда, ол әлі де қолданысқа берілмеді", - деді Г. Ибдіхалықова БҒМ басшысына.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыста ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы жұмысының қорытындысы тыңдалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауы талқыланды.

БҒМ коллегиясының секциондық отырысында сарапшылар мен мамандар мектепке дейінгі білім беру, жоғарғы білімнің жетістіктері, мемлекеттік жастар саясатының негізгі тапсырмалары сынды тақырыптар талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны