13.05.2014, 21:10 3283

Г.Ибдіхалықова мамандарды дайындау мен кәсіби стандарттарды қайта қарау туралы баяндады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Ибдіхалықова мамандарды дайындау мен кәсіби стандарттарды қайта қарау туралы айтты.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Ибдіхалықова мамандарды дайындау мен кәсіби стандарттарды қайта қарау туралы айтты.

"Біріншісі - кадр дайындау. Мамандарды дайындау мәселесінде біз кадр дайындауға байланысты барлық субъектілердің өзара байланысына бірінші кезекте көңіл аударамыз. Ол дегеніңіз министрлік пен ұлттық палата, бизнес пен білім беру мекемелері сонымен қатар оқушылардың өздері. Біз субъектілер арасында ерекше байланыстың орнауына мүдделіміз", - дейді ҚР Үкімет басшысы орынбасары.

Екіншіден, ол кәсіби стандарттарды қайта қарау мәселесі.

"Біздің жұмыс осы бағытта өрбуде. Өкінішке қарай бірыңғай тәсіл болмады. Бізде қазір барлық сала мен барлық құрылым бойынша кәсіби стандарттарды дайындаудың бірыңғай әдістемесі пайда болады. Ол қазіргі таңда анықталуда. Ал, 1991 жылдан бері келе жатқан ескірген оқытуды классификациялау қайта қаралады. Ол уақыттан бері технология өзгерді, өндірісте көп жаңалық пайда болды", - деді ол.

Үшінші өзгерту білім беру процесімен байланысты, кәсіби стандарттар аясында білім беру стандарттарына өзгертіледі.

Сонымен қатар, Г. Ибдіхалықова зейнетақымен қамтамасыз етуде жақсы өзгертулер бар екенін тілге тиек етті.

"Бізде көп деңгейлі зейнетақы жүйесі. Бізде базалық деңгейде ең төменгі күн көріс деңгейі тарапынан өзгерістер болады.Жинақтау жүйесі дәл осылау жұмыс істей береді. Бүгінде бізде бірыңғай жинақтаушы қор жасақталған және инвестициялау тәсілдері де ойластырылған. Зейнеткерлерге зейнетақысы одан әрі де берілетін болады. Оның көлемін ұлғайту жыл сайын қаралып, жаңа жинақтау шарттары жүйесі енгізілуде", - деп ол түсіндіріп өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны