25.09.2023, 12:45 26616

Гаага соты "Самұрық-Қазына" АҚ салынған санкцияның күшін жойды

Стати Самұрық-Қазына акциясының коммерциялық айналым объектісі ретінде тағайындалуын дәлелдей алмады
Гаага соты "Самұрық-Қазына" АҚ салынған санкцияның күшін жойды
Сурет: Depositphotos
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен "Самұрық-Қазына" АҚ  Стати ісі бойынша түпкілікті жеңіске жетті, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, сомасы 4 млрд АҚШ долларына тең KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына байланысты Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Trading Ltd (Стати) қатысты іс Нидерланды Жоғарғы сотында қаралып жатқан болатын.

2022 жылғы маусымда Гаага Апелляциялық соты Статидің Қазақстан Республикасына қарсы алған төрелік шешімді орындау мақсатында қойған Самұрық-Қазынаға тиесілі KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына салынған тыйымның күшін жойды.

Әділет министрлігі Самұрық-Қазынамен бірлесіп, қордың мүлкін өндіріп алудан иммунитетке ие екендігін дәлелдейтін маңызды дәлелдер ұсыну бойынша кешенді жұмыс атқарылды.

2023 жылғы 22 қыркүйекте Жоғарғы сот Статидің бұл шешімге шағымын қабылдамады, бұл акциялар әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес орындалудан иммунитетке ие болғанын растады.

Жоғарғы Сот "Статидің шағымы Апелляциялық соттың шешімін қате түсіндіруге негізделген және сот Самұрық-Қазынаның жарғылық мақсатын шешуші деп санады және Қордың нақты қызметін елемеді деген болжамнан туындады.

Бұл ретте, Жоғарғы сот Апелляциялық сот дұрыс қорытындыға келгенін: Стати Самұрық-Қазына акциясының коммерциялық айналым объектісі ретінде тағайындалуын дәлелдей алмады деп атап өтті".

Әділет министрлігі шетелдік юрисдикцияларда мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны