29.06.2015, 10:32 3231

Гаагада Қазақстанныӊ халықаралық бастамалары ұсынылды

Қазақстандық стенд және арнайы дайындалған мультимедиялық слайд көрсетілімі Нидерландыныӊ саяси орталарыныӊ қызығушылығын тудырып, олардыӊ Қазақстан Республикасыныӊ саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуыныӊ бағытымен барынша жақынырақ танысуға мүмкіндік берді

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Ү.ж. 24 маусымда Астана күні қарсаӊында Нидерланд Корольдігі Парламентініӊ ғимаратында Қазақстанныӊ бастамаларына арналған көрме ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында голландиялық депутаттық корпусына және жергілікті БАҚ өкілдерініӊ назарына еліміздіӊ басты бастамалары, атап айтқанда, Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне тұрақты емес мүшелігіне және 2022 жылғы қысқы Олимпиядалық ойындарды қабылдауға үміткерлігі, ЭКСПО-2017, АТОМ жобасы, Қазақ Хандығыныӊ 550-жылдығы, сондай-ақ стратегиялық "100 нақты қадам" ұлт жоспары мен "Нұрлы Жол" бағдарламалары ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстандық стенд және арнайы дайындалған мультимедиялық слайд көрсетілімі Нидерландыныӊ саяси орталарыныӊ қызығушылығын тудырып, олардыӊ Қазақстан Республикасыныӊ саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуыныӊ бағытымен барынша жақынырақ танысуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Голландиялық кәсіпкерлер қауымдастығы Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі тереӊдетуге мүдделіктерін назарға ала отырып, жәрмеӊкеніӊ инвестициялық бөлігіне, ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды қолдауға бағытталған инвестициялық жеӊілдіктерге ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында нидерландтық депутаттар Қазақстанныӊ халықаралық сахынадағы маӊызды бастамаларыныӊ ұтымдылығын белгілеп өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны