Система Orphus

Ғалым Оразбақов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

22.01.2014, 19:55 4013

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғалым Оразбақов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР үкіметінің сайты.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі ұжымға ведомствоның жаңа басшысын таныстырып, мемлекеттік органның алдында тұрған міндеттерді анықтады.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын есепке алып, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің алдында отандық кәсіпорындар тауарларының БЭК пен КО елдері рыноктарына тең жағдайда жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнесті жүргізу, бәсекелестік орта қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу міндеті тұр",-деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр Агенттік ұжымына алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны