04.09.2009, 15:48 1545

Ғалымдардың ғылыми гранттар алу процедурасына шенеуніктер араласуға тиіс емес - мемлекет басшысы

Ғалымдардың ғылыми гранттар алу процедурасына шенеуніктер араласуға тиіс емес - мемлекет басшысы

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ғалымдардың ғылыми гранттар алу процедурасына шенеуніктер араласуға тиіс емес. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен ғылым жүйесінде ғылыми кеңестер түрінде жаңа элемент құруды қолдаймын. Олар ғылымның дамуына әкімшілік тұрғыдан араласуға шектеу қоюға мүмкіндік беруге тиіс", - деді Н. Назарбаев. Президенттің айтуынша, құрылатын кеңестер ғылыми жобаларды сұрыптау және ғылыми гранттар беру жөнінде шешімдер қабылдауға тиіс.

"Ақшаны тарату - басты идея, онымен мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктер емес, ғалымдар айналысуға тиіс. Олар мүдделі емес, олар - бейтарап", - деді президент. Оның айтуынша, ғылыми кеңес ғалымның грант алуға берген өтінішін шешеуніктердің араласуынсыз қарайтын жалғыз буын болуға тиіс.

Мемлекет басшысы бұған қоса мұндай кеңестердің функциялары мен қызмет тетіктерін "Ғылым туралы" заң анықтауға тиіс, деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны