Система Orphus

Ғалымжан Ибдірайымов Жамбыл облысы әкімініӊ орынбасары болып тағайындалды

15.02.2017, 21:05 5566

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы әкімініӊ 2017 жылғы "15" ақпандағы №51-ө өкімімен Ғалымжан Райылұлы Ибдірайымов Жамбыл облысы әкімініӊ орынбасары болып тағайындалды,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ибдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Тұран" университетін "заӊгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еӊбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесініӊ мастері болып бастаған.

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросыныӊ техник-құрылысшысы, "Алрай" шаруа қожалығыныӊ төрағасы, "Альтаир" ЖШС сәулет-құрылыс фирмасыныӊ атқарушы директоры, 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметініӊ сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасыныӊ бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорыныӊ орынбасары, 2003-2009 жылдары Алматы облысыныӊ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасыныӊ бастығы, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры - Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өӊірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасыныӊ орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімініӊ орынбасары қызметтерін атқарған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны