05.04.2012, 10:04 4345

Ғани Қасымов үкіметтен қазақстанның жолдарын жөндеумен айналысуын сұрады

"Қазір көктем шықты қар кетіп, жер дүние әлі көктей қойған жоқ. Ал біздің еліміз бойынша қараңызшы, не болып жатқанын? Күл-қоқы тау болып үйіліп қалған. Кей жағдайда өтуге мүмкіндік болмай қалады. Біз дамыған елу елдің қатарына қосыламыз дейміз, ал біздің бір жөні түзу жолымыз жоқ. "Батыс Қазақстан-Батыс Қытай" сияқыт жол жобаларына 9 млрд доллардан саламыз, ал қалаларымыз бен ауылдарымыздың арасындағы жолдарда көлік жүре алмайды", - деді Ғ.Қасымов.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Бейсенбі күнгі Парламент Сенатының пленарлық мәжілісінде палата депутаты Ғани Қасымов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына үкіметтің қазақстан жолдарын жөнедеумен айналысуын сұраған депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазір көктем шықты қар кетіп, жер дүние әлі көктей қойған жоқ. Ал біздің еліміз бойынша қараңызшы, не болып жатқанын? Күл-қоқы тау болып үйіліп қалған. Кей жағдайда өтуге мүмкіндік болмай қалады. Біз дамыған елу елдің қатарына қосыламыз дейміз, ал біздің бір жөні түзу жолымыз жоқ. "Батыс Қазақстан-Батыс Қытай" сияқыт жол жобаларына 9 млрд доллардан саламыз, ал қалаларымыз бен ауылдарымыздың арасындағы жолдарда көлік жүре алмайды", - деді Ғ.Қасымов.

"Біз қазір ондаған түрлі қорлар ашып, ешкімге пайдасы жоқ ақшаларды миллиардтап сонда салып жатырмыз. Ал бюджет ақшасын игерер кезде бізде үнемі 100 млрд теңгеге дейін үнемдеу шығады. Осы ақшаларды жолдарды жөндеуге жұмсайық. Елімізде дұрыс жол салып, қалаларымыз бен ауылдарымыздың арасын дұрыстайық", - деп түйіндеді сөзін сенатор.

Сонымен қатар депутат Жол қорын қайта жандандыру туралы пікірін де білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны