08.01.2015, 16:26 4168

Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесу туралы

Осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Былтыр 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесу барысында жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Президентініӊ 9 қаӊтарда Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Меркельмен бейресми кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, неміс тарапыныӊ өтініші бойынша Мемлекет басшысыныӊ Германия федералдық сыртқы істер министрі Ф.-В.Штайнмайермен кездесуі көзделген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны