05.09.2016, 14:39 3953

Германияда ЕҚЫҰ мүше елдердіӊ сыртқы істер министрлерініӊ кездесуінде Қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ жұмысын келешекте күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады

Үстіміздегі жылы ГФР ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - ГФР ЕҚЫҰ-ныӊ төрағалығы шеӊберінде Еуропадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) елдері сыртқы істер министрлерініӊ бейресми кездесуініӊ жұмысына қатысу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Роман Василенконыӊ сапары өтті, деп хабарлады СІМ.

Потcдамда өткен іс-шара барысында Р. Василенко ЕҚЫҰ қатысушы-елдердіӊ сыртқы саясат ведомстволардыӊ басшыларын қазіргі уақыттағы ҚР сыртқы саясатыныӊ, сондай-ақ 2017-2018 жылдарға жоспарланған БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүшелігі аясындағы басымдылықтарымен таныстырды.

Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ 70-ші сессиясында атап өтілген Қазақстанныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамаларына, "Илем. XXI ғасыр" манифесініӊ ережелеріне және 2016 жылғы 29 тамызда өткен "Ядролық қарусыз әлемді құру" халықаралық конференциясыныӊ нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ жұмысын келешекте күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, оныӊ ішінде ұйымныӊ екінші өлшемі - экономикалық-экологиялық қауіпсіздік, нақты айтқанда, герман төрағалығы шеӊберінде мемлекеттердіӊ экономикалық өзара ықпалдастығын көтеру және өзара сауда үшін тосқауылдарды алып тастау болды. "ЕҚЫҰ кәсіпқой тәжірибемен, біліммен, сараптамамен және жаӊа технологиялармен алмасу арқылы аталған салада ынтымақтастық орнатуға қолғабыс көрсете алады" деп атап өтілді.

Сонымен қатар, еркін сауда мен Тынық және Атлант мұхитке дейін ілгертілген экономикалық ынтымақтастық кеӊістікті" құру мақсатында ЕурАзиялық экономикалық одақ және Еуропа Одағы арасында өзара ықпалдастықты орнатуға ЕҚЫҰ-ныӊ рөлін қарастыруды ұсынылды.

Осы мағынада ЕҚЫҰ қатысушы-елдердіӊ көбі алдағы уақытта қатысатын "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ және ұйымныӊ маӊыздылығы аталып өтілді.

Кездесуде халықаралық қауіпсіздік мәселелері кеӊінен талқыланды, нақты айтқанда, Украина қақтығысын реттеуге ЕҚЫҰ тарту, ЕҚЫҰ кеӊістігінде ұзақ уақтылы қақтығыстарды шешуде ұйымныӊ рөлі, сондай-ақ Еуропадағы көші-қон дағдырысына ұйымныӊ қатысу мүмкіндігі. Сөз сөйлегендердіӊ барлығы ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттер арасында өзара сенім орнату қажеттілігі, ұйымныӊ және оныӊ институттарын келешекте нығайтуға үндеді. Осыған орай, кездесуде ЕҚЫҰ негізін қалаушы құжаттарда бекітілген, соныӊ ішінде 1975 жылы қол қойылған Хельсинки актісін және 2010 жылғы Астана декларациясын қоса алғанда негізгі қағидаттарды нығайту және сыйлау маӊыздылығы аталып өтілді. Іс-шара алаӊында қазақстандық дипломаттыӊ Германия, Аустрия, Ұлыбритания, Мажарстан, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Македония, Норвегия, Польша, Сербия, Словакия және т.б. елдердіӊ СІМ басшыларымен қысқа кездесулері өтті. Кездесулер барысында екіжақты қатынастардыӊ күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жаӊадан сайланған ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясыныӊ президенті Кристин Муттонен, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньер және Еуропа Кеӊесініӊ сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары өкілі Федерике Могеринимен кездесулер өтті.

Берлинде болу кезінде Р. Василенко Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша ГФР СІМ-ніӊ Уәкілі Андреас Пешкемен және Герман экономикасыныӊ Шығыс комитетініӊ іс-басқармасы Михаэль Хармспен екіжақты келіссөдер өткізді.

Тараптар екіжақты қатынастардыӊ және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады және технологиялық пен шикізат әріптесті шеӊберінде екі елдіӊ экономикалық уағдаластықтардыӊ жүзеге асырылуы бойынша жемісті ықпалдастықты, Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" көрмесіне Германияныӊ қатысуын, сондай-ақ Қазақстанда дуалдық білім беру моделін енгізілуін атап өтті. Сұхбатшылар екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпілісті беру үшін алдағы уақытта екіжақты сапарларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды. Қазақстандық делегацияныӊ Германияға сапары барысында өткен кездесулердіӊ және іс-шараныӊ нәтижелері екіжақты қатынастарды келешекте барлық бағыттарда дамытуға және нығайтуға тараптардық өзара қызығушылықтарын көрсетті, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті сын-тегеуріндер және Орталық Азия аймағында Қазақстан Германияныӊ негізгі әріптесі ретінде динамикалық дамып келе жатқаны бұған себепші болуда.

Үстіміздегі жылы ГФР ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны