31.03.2014, 19:39 6671

G-Global ақпараттық-коммуникативтік платформасында VII АЭФ және II БДК сессиясының бейнеконференциясы басталды

G-Global ақпараттық-коммуникативтік платформасында бір ай ішінде Астана қаласында үстіміздегі жылдың 21-23 мамыры аралығында өтетін VII АЭФ және II БДК қарсаңында 50-ге жуық онлайн бейне конференциялар өткізу жоспарланып отыр, деп "Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығынан хабарлады.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. 27 сәуірден 30 сәуірге дейін VII Астана экономикалық Форумы (АЭФ) және ІІ Бүкіләлемдік Дағдарысқа қарсы Конференция (БДК) сессиялары G-Global ақпараттық-коммуникативтік платформасында онлайн конференция түрінде өткізіледі.

G-Global ақпараттық-коммуникативтік платформасында бір ай ішінде Астана қаласында үстіміздегі жылдың 21-23 мамыры аралығында өтетін VII АЭФ және II БДК қарсаңында 50-ге жуық онлайн бейне конференциялар өткізу жоспарланып отыр, деп "Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығынан хабарлады.

Сонымен қатар, онайн режимде БҰҰ Бас Асамблеясының (20.12.2013ж. A/RES/68/201 "Халықаралық қаржы жүйесі және даму" қарары) қолдауымен ІІ БДК-да қабылдауға жоспарланған Илемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасын талқылау жалғасуда.

VII АЭФ және II БДК спикерлері халықаралық тәжірибеде алғаш рет әлемдік экономиканың басты мәселелерін, проблемаларын талқылай алады, сонымен қатар онлайн режимде алдағы іс-шаралардың мәселелері бойынша өз пікірлерін жеткізе алады.

Онлайн режимдегі бейне конференция өткізу қатысушылардың көп санын іске кірістіруге және VII АЭФ мен II БДК сессияларының қорытынды ұсынымдарын әзірлеу үшін нәтижелі пікірсайыстар өткізуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны