12.03.2014, 20:39 3424

G-Global коммуникативтік платформасында сарапшылар дағдарысқа қарсы жоспарды талқылайды

19 наурыз күні G-Global виртуалды жобасында "Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар. Шешілетін мәселе" атты тақырыпта онлайн конференция өткізіледі.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. 19 наурыз күні G-Global виртуалды жобасында "Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар. Шешілетін мәселе" атты тақырыпта онлайн конференция өткізіледі.

"Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы" Қауымдастығында хабарлағандай, дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Жоспар (ДҚДЖ) жобасының онлайн талқылауына келесі спикерлер қатысады:Бреттон-Вудсты жаңарту комитетінің атқарушы директоры Марк Узан. ТМД елдеріндегі BBC WorldNews өкілі Сергей Становкин.Экономикалық зерттеулер институты Жамиля Бапиева.Халықаралық Ағайынды Нобельдер төрағасы, Нобель тұрақты даму қоры қамқоршылық кеңесінің вице-төрағасы, Халықаралық Ағайынды Нобельдер Академиясының президенті, Нобельдер үйінің негізін салушы және басқарушы серіктесі Филип Нобель.Аргентина орталық банкінің президенті (1982), Экономика министрі (1991-1996,2001) Доминго Кавалло.Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті Даниель А. Уитт.Философия ғылымдарының докторы, АрселлорМиттал өкілі, Гвинея, Қазақстан-Африка инвестициялық кеңесінің президенті Ламин М. Диенг.

Илемдік қаржы дағдарысы басталғалы алты жыл уақыт өтсе де, бұл тақырып өзектілігін жойған жоқ, күрделі экономикалық мәселелер шешілмей қалып жатыр. Ал, дағдарыс салдары барлық мемлекеттердің дамуына кесірін тигізуде.Осы сұрақтарды шешу үшін сарапшылар, Нобель сыйлығының лауреаттары тартылып, олардың ұсыныстары ДҚДЖ жобасына енгізіліп, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-на мүше мемлекеттер қарауына жіберілетін болады. Қорытынды құжат 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында, VII Астана экономикалық форумы аясында өткізілетін II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияда қабылданатын болады.

Айта кетейік, 2014 жылдың 17 ақпан күні G-Global коммуникативті платформасында әлемдік сарапшылар қоғамдастығы мен БҰҰ хатшылығы мен оған мүше мемлекеттер ұсыныстарын есепке ала отырып, "Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы" Қауымдастығы құрастырған Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік жоспар жобасы жарияланған. Оның бастамасы 2013 жылы өткізілген VI Астана экономикалық форумы мен I Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияда айтылған еді. Сегіз айдың ішінде бірегей диалогтық G-Global интернет алаңында белсенді түрде күллі әлемге маңызды құжат мәселелері талқыға салынды. Осы уақыт аралығында жетекші халықаралық ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары және әлемнің 190 елінің өкілдері 12000-нан астам баяндамалар мен зерттеу жұмыстарын, сонымен қатар, 39000 сараптамалық шолу жариялады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны