22.12.2011, 13:15 3455

"Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілді

Астана. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігі бұйрықтың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 25 қараша, Астана қаласы №492

"Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйырамын:

1. "Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде №6951 тіркелген, 2011 жылғы 20 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, №207-210 (26612) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2141 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, №15, 842-құжат), 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын 3, 4, 7-12, 35 (бірінші бөлім), 36, 42-44, 50 тармақтарды қоспағанда."

2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.И.Ырсалиев):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М. Қ. Орынхановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Иділет министрлігінде 2011 жылғы 12 желтоқсанда Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7334 болып енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны