11.06.2014, 19:35 2397

Гонконгтағы ITE көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырады

Қазақстан Республикасының Индустрия жән жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Гонконгтағы ITE халықаралық туристік көрмесінде Қазақстан стендін таныстырады.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Индустрия жән жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Гонконгтағы ITE халықаралық туристік көрмесінде Қазақстан стендін таныстырады.

Көрме 2014 жылдың 12-15 маусым аралығында өтеді. Шара аясында Астана, Алматы Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстары делегаттары туристік мүмкіндіктерін жұртшылық назарына ұсынады.

Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, көрме жұмысына әлемнің 40-тан астам елінің туризм саласы өкілдері қатысады.

Көрме аясында туризм саласының әлемдік тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік беретін семинарлар, дөңгелек үстелдер мен сессиялар ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны