07.12.2011, 13:28 2819

Грузияның премьер-министрі елбасына 2012 жылы Тбилисиге ресми сапармен келіп қайту туралы Грузия президентінің шақыруын тапсырды

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның Премьер-Министрі Николоз Гилауриді қабылдаған.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Грузияның премьер-министрі елбасына 2012 жылы Тбилисиге ресми сапармен келіп қайту туралы Грузия президентінің шақыруын тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның Премьер-Министрі Николоз Гилауриді қабылдаған.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Грузияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі қаралды.

Н. Гилаури Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, Мемлекет басшысына 2012 жылы Тбилисиге ресми сапармен келіп қайту туралы Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің шақыруын тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны