26.10.2009, 16:50 2811

Грузияның "заңдағы ұрысы" көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан қудаланды - ІІМ

Грузияның "заңдағы ұрысы" көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан қудаланды - ІІМ

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Балқаш қаласының мейрамханасында "заңдағы ұры" мәртебесі бар, "Васо" деген лақап атымен белгілі Грузияның 53 жастағы азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ұсталған Сібір мен Алтай аймағының бірқатар қалаларында қылмыстық қызметті қадағалап келген. Ол көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан қудаланды",- деді Қ.Жұманов.

Сонымен қатар, ресми өкілдің хабарлауынша, Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 белсенді қатысушысы ұсталды, олар алаяқтықпен айналысқан, жалған құжаттарды пайдаланып, жылжымайтын мүлікті сатқан және қайта ресімдеген, аса ірі көлемде несие алған. Осы қылмыстық топқа 20 алаяқтық қылмыс жасады деген айып тағылды. Тергеу жүргізілуде.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша өткен аптада 16 қылмыстық іс қозғалып, ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны