Гуанчжоуда өткен ауқымды көрмеде қазақстандық кітаптар таныстырылды
Сурет: Gov.kz
Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан 30-шы Оңтүстік Қытай кітап көрмесінде Қазақстанның 100-ге жуық кітабы мен мәдени шығармалары таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның заманауи әдебиетіне арналған арнайы сессия ұйымдастырылды. Қазақ қаламгерлерінің шығармалары қытай оқырмандарына таныстырылып, қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен жаңа буын авторларының шығармашылығы сөз болды.
Атап айтқанда, көрмеге келушілер Мақсат Мәліктің "Абыл мен Қабыл" романы, Айсұлу Алмасбайдың балаларға арналған "Жел тербеген әуен" кітабы, Әлішер Рахаттың "Иесіз көлеңке" детектив романы және Нұрайна Сәтпаеваның заманауи проза жанрындағы "Мұхит жарыққа ұмтылады" шығармасы таныстырылды.
Қатысушылар сондай-ақ кітап аудармасы, әдеби шығармаларды халықаралық деңгейде таныту және авторлық құқықты қорғау мәселелері талқылады.
Қазақстан павильонының экспозициясында заманауи және балалар әдебиеті, мәдени мұра мен креативті индустрия бағыттары қамтылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

