21.05.2014, 22:56 4109

Халық дамуында Астананың алатын орны ерекше - К.Мәсімов

Біздің халықтың дамуында Астананың маңызы зор, деді ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов "AstanaInvest-2014" V халықаралық инвестициялық форумында.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Біздің халықтың дамуында Астананың маңызы зор, деді ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов "AstanaInvest-2014" V халықаралық инвестициялық форумында.

"Астана қаласы халық дамуында негізгі рөлге ие Қала - елдің жылдам дамып жатқан қалаларының көшбасшысы. Сондай-ақ, ол интеллектуалдық орталық болып есептеледі. Илемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті мен зерттеу университеттері және емдеу мекемелері тоғысқан ірі орталық", - деді Премьер-Министр.

ҚР Премьер-Министрі алдағы уақытта қаланың "Болашақтың энергиясы" тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетінін айта кетті.

Оның пікірінше, бұл әлемдік көшбасшылар, инвесторлар, технологтар, инноваторлар мен саясаткерлердің назарын аударатын ауқымды шара.

"Мен қатысушылардың басын қосу идеясын құрған бұл форумнан ерекше әсер алдым. Астана осы ойдың символы іспеттес. Мен баршаңызды қарқынды дамып келе жатқан қаланы зерттеуге шақырамын", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны