13.01.2009, 17:38 3104

Халық санағына дайындық мәселесі үкіметтің отырысында әкімдермен бірлесе отырып талқыланады

Халық санағына дайындық мәселесі үкіметтің отырысында әкімдермен бірлесе отырып талқыланады

Астана. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне халық санағы жөніндегі мәселе бойынша үкіметтің отырысын дайындап өткізуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін агенттікте өткен алқа мәжілісінде тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мұндай оқиға 10 жылда бір рет болады. Бұл аса маңызды шара, нәтижесінде ол нақты жағдайдан хабардар етуге тиіс. Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтерінің негізінде басқару мақсатындағы шешімдер қабылданады. Мен айдың екісіне таман халық санағы жөніндегі мәселелер бойынша әкімдердің қатысуымен үкіметтің отырысын өткізуге ұйғарым жасадым. Сіздер оған дайындалып, өздеріңізге қажетті іс жүзіндегі ұсыныстарыңызбен бөлісулеріңіз қажет", -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны