07.12.2009, 10:13 1805

Халық жазушысы И.Кекілбаев "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды

Халық жазушысы И.Кекілбаев "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен сенбіде К.Байсейтова атындағы опера және балет театрында өткен Ибіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кешке қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада сөйлеген сөзінде, президент халық жазушысы И.Кекілбаевтың саяси және мемлекеттік қызметтегі еңбегін атап өтті. Мерейтой иесі көп жылдар бойы "Егемен Қазақстан" газетінде бас редактор, 13-ші шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты болып табылады.

Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", "Отан" ордендерімен марапатталған.

Мемлекет басшысы еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында өзінің Жарлығымен Ибіш Кекілбаевқа мемлекетке сіңірген еңбегі, мәдениет пен әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілгенін жария етті және мерейтой иесіне жоғары атақты тапсырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ бұл жоғары атаққа экономикалық дамудағы, өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін Қостанай облысы, Меңдіқара ауданындағы "Қаркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сайран Балкенұлы Бұқанов пен Шығыс Қазақстан облысы, "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлік қоғамының президенті Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметов ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны