14.06.2017, 13:57 4030

Халықаралық арнайы "Астана ЭКСПО 2017" көрмесі шеӊберінде Грузия Ұлттық күні мерекесі өтті

Күнделікті сахнада ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттерініӊ салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысу жүргізіледі және кеше, 13 маусымда Грузия Ұлттық күні мерекесі өтті.

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Халықаралық арнайы "Астана ЭКСПО 2017" көрмесі Қазақстанныӊ басты мемлекеттік жобаларыныӊ бірі. Осындай ғаламат үлкен іс-шараны еліміздіӊ астанасында өткізу Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастауымен жүзеге асты.

Астана қаласы осындай ауқымды іс-шараны өз тарихында бірінші рет өткіз3п отыр: осы жылы 112 мемлекет, 25 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысады және көрме аясында 93 күнніӊ ішінде 2500-ге жуық іс-шаралар өтеді.

Елбасымыздыӊ айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу шешімі Қазақстан үшін тарихи оқиға және оны өткізуде Астананы таӊдау бүкіл Қазақ халқыныӊ еӊбегініӊ жемісі.

Күнделікті сахнада ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттерініӊ салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысу жүргізіледі және кеше, 13 маусымда Грузия Ұлттық күні мерекесі өтті. Ашылу рәсімін бастамай тұрып, қатысушылар Тбилиси қаласында 2015 жылғы 13 маусымда болған апат салдарынан қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.

Грузия Ұлттық күні мерекесін тойлаудыӊ ресми бөлімі аяқталғаннан кейін мерекелік концерт өтті.

Грузиндік әндердіӊ тарихы мыӊдаған жылдарға созылған.

Біздіӊ дәуірімізге дейінгі IV ғасырда ұлы тарихшы, кәсіби әскери қызметші Ксенофонт грузин тайпаларыныӊ қонақ қарсы алған кезінде, тіпті жауымен айқасқа түскенніӊ алдында ән және бимен бастаған әдеті болғаны жайлы жазды.

2001 жылы ЮНЕСКО грузин өленін бейматериалдық ауызша мұра санатыныӊ жауҺары деп таныды.

Грузиндік көпдауыстылық арнайы дауыс техникасы мен бір біріне жақын үндердіӊ қолданылуымен ерекшеленеді.

Адам баласыныӊ музыкалық қабілеттілігіӊ бір үлгісі ретінде Грузин Мемлекеттік Ансамблі орындауында "Чакруло" атты халық әні ғарышқа жіберілді. Кеше Грузия павильоны алдында аты аӊызға айналған осы ансамбльдіӊ еӊ жас мүшелері қатысты.

Грузиндік халық әндері көбінесе отан, ұзақ өмір және махаббат үшін айтылатын өлендер мен тостар мерекелерінде шырқалады.

Ата бабаныӊ атына арналған естелік өлеӊдер: "Мравалжамьери" және "Көӊілді әнұран" орындалды.

Грузия Ұлттық күніне орай Астана қаласында арнайы Грузин эстрадасыныӊ жұлдыздары ғана емес, әлемге танымал жұлдыздары жиналды.

Сахнада Грузия мен Украинаныӊ халық әртісі Гиви Гачечиладзе мырзаныӊ басшылығымен Тбилиси Мемлекеттік оркестрі, сондай-ақ, көптеген халықаралық сыйлықтар мен жүлделерге ие болған жас орындаушылар: Мая Бараташвили, Гиоргий Сухиташвили, Марико Эбралидзе, Темур Саджая, Алеко Бердзенишвили, өнер тарландарынан Грузияныӊ халық әртісі Ека Мамаладзе; Грузия мен КСРО ныӊ халық әртісі Тамара Гвердцители және аты аӊызға айналған әнші, Грузия мен КСРО ныӊ халық әртісі Нани Брегвадзе өнерлерін паш етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны