27.05.2014, 22:47 3137

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы мен ТЖМ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ТЖМ-нен хабарлағандай, 2014 жыл ішінде екіжақты ынтымақтастық аясында ХАҚҰ курстарын Қарағанды қаласында, сондай-ақ Германия қаласына шығу арқылы "Өрт сөндіруші" АҚ басшы қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Алматы қаласында Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Өрт сөндіруші" АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға қол қойған сәттен бастап Қазақстан Республикасы аумағы мен оның шегінде ХАҚҰ-ның оқу бағдарламасына сәйкес азаматтық қорғау саласында біліктілікті арттыру бойынша халықаралық оқу курстарын ұйымдастыру және өткізу сынды бірқатар мәселелер аясы кеңейеді.

ТЖМ-нен хабарлағандай, 2014 жыл ішінде екіжақты ынтымақтастық аясында ХАҚҰ курстарын Қарағанды қаласында, сондай-ақ Германия қаласына шығу арқылы "Өрт сөндіруші" АҚ басшы қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Қазақстан 1996 жылдан бастап ХАҚҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады, бүгінде 54 мемлекет ХАҚҰ-на мүше.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны