22.01.2016, 17:30 5121

Халықаралық байқаушыларды тіркеу 14 наурызға дейін жалғасады

Мәжіліс депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлауына келетін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен халықаралық ұйымдардыӊ қызметіне байланысты бүгін Орталық сайлау комиссиясында қаулы қабылданды

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлауына келетін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен халықаралық ұйымдардыӊ қызметіне байланысты бүгін Орталық сайлау комиссиясында қаулы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оған сәйкес, аккредиттеуден өткендерге бір аудармашыдан тағайындалады. Орталық сайлау комиссиясы 18 елге шақырту жіберіп үлгерген. Олардыӊ қатарында ТМД, Латвия, Үндістан, Малайзия елдері бар, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі:

- Өзге мемлекеттердіӊ Орталық сайлау комиссияларыныӊ төрағаларына шақырту жіберудеміз. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде ғана сайлауда бақылауды жүзеге асыра алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны