29.10.2009, 14:30 3619

Халықаралық есірткі арнасы жойылды - ҚР ҰҚК

Халықаралық есірткі арнасы жойылды - ҚР ҰҚК

Алматы. 29 қазан. Kazakhstan Today - Халықаралық есірткі арнасы жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметімен және Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Орталық Азия Өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығының үйлестіруімен есірткілерді Қырғызстан аумағынан транзитпен Қазақстан арқылы Ресейге жеткізумен айналысқан трансұлттық есірткі тобы іс-әрекетінің жолын кесу бойынша халықаралық операциясын өткізді",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың 18 қазанында есірткі құралдарын халықаралық бақылаумен жеткізу табысты аяқталды. Нәтижесінде Рубцов қаласында (РФ Алтай өлкесі) Алтай өлкесі бойынша РФ ФҚҚБ күшімен есірткі жүгін алушы 2 адам құрықталды. Операцияның аяқталу кезеңінде 5,3 килограмм героин тәркіленді".

Сондай-ақ, ҰҚК мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысында екі операция іске асырылды. Олардың аясында есірткілердің ірі партиясы тәркіленді.

"Осылайша, үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегінде Төле би ауданының есірткі притондарына героин түсіретін арна жойылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Леңгір қаласында есірткілерді сатпақ болған Қазақстан азаматы ұсталды, одан 1 килограмм героин тәркіленді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Үстіміздегі жылдың 7 қыркүйегінде ОҚО Мақтаарал ауданында Тәжікстаннан Қазақстанға есірткілерді жеткізетін кезекті арна жойылды. Героин сату фактісі бойынша Тәжікстанның бір азаматы және Өзбекстанның бір азаматы ұсталды. Олардың автомашиналарын тексеру барысында 3,7 килограмм героин табылды",- делінген ҰҚК хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны