19.04.2007, 12:40 4570

Халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдей бастаған қауіп- қатер алдында осал екен -Назарбаев

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев VI Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзінде, "халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдейе бастаған қауіп- қатер алдында осал екен", деп мәлімдеді

"XXI ғасырдың шынайылығы оның жанжалсыз жарқын болашағы туралы қиялын жоққа шығарды, халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдей бастаған қауіп- қатер алдында осал екен",-деп атап өтті елбасы. "Бүгінде ғаламдық бақталастық принципіне әлемдік саясаттың басты қозғаушы күшін қайтарған "суық соғыс" кезіндегі геосаяси риториканы көп естиміз",-деді Н.Назарбаев.

Президенттің пікірінше, қазіргі заманда ғаламдық проблемаларды шешудің оңай жолы жоқ. "Зұлымдық тек зұлымдықты туғызады, ксенофобия, күмәндану және үрей XXI ғасырдың жаңа індетіне айналып барады",-деді ол.

Елбасының пайымдауынша, бүгінде өзара тәуелді болу боп саналатын, жаңаша дамудың кереметтілігі назардан тыс қалып барады. "Егер қайсібір ел тұрақсыздыққа ұшыраса, онда ғаламдық тұрақтылыққа қауіп төнеді. Ауғанстанды тас -талқан еткен халықаралық ланкестік әлемді жайлап барады. Жаппай қырып жоятын қаруды иелену , жаңа аймақтарды жаулап, әлемде жаңа проблемалар туғызып , жұқпалы дерт секілді жайылып барады",- деді президент.

"Халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздікке негіз болып отырған ғаламдық механизмдер өзгеруі тиіс",-деді Н.Назарбаев. "Ғаламдық дұрыс ойлаушылық және жаппай жауапкершілік принциптерін негізге алатын кез келді",-деп атап өтті президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны