14.06.2010, 14:32 4137

Халықаралық келісім шарт жобаларын сапасыз әзірлегені үшін мемлекеттік орган басшылары жазаланатын болады

"Премьер-министрдің Кеңсесіне халықаралық келісім шарттар жобаларының сапасыз орындалу фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың тиісті басшыларын жазалау туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын",- деген тапсырма берді К. Мәсімов.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Халықаралық келісім шарт жобаларын сапасыз әзірлегеніүшін мемлекеттік орган басшылары жазаланатын болады. Ол мұндай тапсырманы бүгін өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Премьер-министрдің Кеңсесіне халықаралық келісім шарттар жобаларының сапасыз орындалу фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың тиісті басшыларын жазалау туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын",- деген тапсырма берді К. Мәсімов.

Сонымен қатар барлық министрліктер мен агенттіктердің бірінші басшыларына Парламентке ратификацияға енгізілетін халықаралық шарт жобаларының сапасын жоғары деңгейде әзірлеуді қамтамасыз етуді, жеке және ерекше бақылауға алуды жүктеді. Парламентке енгізу үшін әзірленіп жатқан, сондай-ақ Парламенттің қарауында жатқан халықаралық шарт жобаларының, заң жобаларының қазақ және орыс тіліндегі дәлме-дәлдігіне тексеру жүргізуді тапсырды. "Қажет болған жағдайда халықаралық шарт мәтіндеріндегі қателерді түзету жөніндегі контрагент пен нота алмасу рәсімін Парламентке енгізгенге дейін жүргізу қажет", деді К. Мәсімов.

"Мәдениет министрлігіне Сыртқы істер және әділет министрліктерімен бірлесе отырып мемлекеттік тіл мәселесі жөнінде семинар жүргізуді тапсырамын",- деп қортындылады премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны