18.03.2015, 20:09 3777

Халықаралық Көрмелер Бюросыныӊ бас хатшысы ЭКСПО-2017 нысандарын көріп шықпақ

Бүгін Халықаралық көрмелер бюросы бас хатшысы Висенте Лоссерталестіӊ салынып жатқан ЭКСПО-2017 нысандарын тексеру үшін Астанаға ресми сапары басталады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Халықаралық көрмелер бюросы бас хатшысы Висенте Лоссерталестіӊ салынып жатқан ЭКСПО-2017 нысандарын тексеру үшін Астанаға ресми сапары басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Лоссерталес мырза көрме кешенін салу барысымен танысып, ұлттық компания өкілдерініӊ көрмеге дайындық барысы туралы есебін тыӊдамақ.

18 наурызда В. Лоссерталес "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевпен кездеседі. Ұлттық компания бірқатар таныстырылымдарды дайындап отыр, оныӊ барысында алда келе жатқан көрме тақырыптық павильондарыныӊ сипаттамасы, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларды тарту барысы туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, бас хатшы ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру кезінде өткізілетін бұқаралық іс-шаралар мен маркетинг мәселелерін талқылауға қатысады.

Сондай-ақ, екікүндік сапары шеӊберінде ХКБ басшысы бірқатар ресми кездесулерді өткізеді, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және Астана қаласы әкімі Иділбек Жақсыбековпен кездеседі.

Тексеріс қорытындысы бойынша 19 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде ХКБ бас хатшысы В. Лоссерталес, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтыӊ қатысуымен брифинг өтеді.

Висенте Лоссерталес 1994 жылдан бастап ХКБ бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Ол көрме құрылысыныӊ барысымен танысу үшін Астанаға жылына екі рет келеді және биылғы сапары бесінші рет жасалып отыр. 2014 жылдыӊ қазанында өткен алдыӊғы сапары аясында В. Лоссерталес Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевпен кездескен болатын. Елбасымен кездесу кезінде ол көрмеге дайындық барысы ойдағыдай өтіп жатқанын атап өтіп, "тіпті кестеден оза жүргізіліп жатыр" деп айтқан болатын.

*

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2013 жылдыӊ 15 қаӊтарындағы бұйрығымен құрылды. "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ-ныӊ негізгі қызметі ретінде Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу деп белгіленген.

ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдыӊ 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта Астанада өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аз емес халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ 5 миллионға жуық рет келеді деп күтілуде.

Қосымша ақпарат алу үшін "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне хабарласыӊыз

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны