19.12.2022, 18:53 15711

Halyk Bank басшылары Президентке есеп берді

Банктің экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне ерекше назар аударылды
Halyk Bank басшылары Президентке есеп берді
Астана. 19 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Halyk қаржы тобының өкілдері Александр Павловпен және Үміт Шаяхметовамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысына банктің қазіргі қызметі, даму перспективалары, сондай-ақ отандық бизнеске қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстанның шет мемлекеттермен экономикалық және іскерлік байланыстарын кеңейтуде топтың әлеуетін пайдалану жөніндегі ұсыныстары жөнінде баяндалды.
 
Банктің экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетіне, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыруына ерекше назар аударылды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы тобының қызметіне оң баға берді. Бизнесті қолдаудың және Қазақстан экономикасын қаржыландыруды ынталандырудың өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны