20.05.2015, 18:10 3558

Ханойда Қазақстан мен Вьетнам арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ханой қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмахановтыӊ Вьетнам Социалистік Республикасыныӊ Жоспарлау және инвестициялар министрі Буй Куанг Виньмен кездесуі өтті

Астана. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Ханой қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмахановтыӊ Вьетнам Социалистік Республикасыныӊ Жоспарлау және инвестициялар министрі Буй Куанг Виньмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу Вьетнам Социалистік Республикасыныӊ Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтыӊ ү.ж. мамыр аяғында Қазақстанға жоспарланған сапары қарсаӊында өтті, ал сапардыӊ барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою жоспарлануда, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтыӊ қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады. Ортақ қызығушылық танытатын түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша екі жақты мүдделілік білдірілді.

Елші Б. Жұмаханов елдеріміз арасындағы қазіргі экономикалық өзара әрекеттесудіӊ ахуалы саяси ынтымақтастықтыӊ жоғары деӊгейіне сай келмейтінін және одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанныӊ инвестициялық тартымдылығын жоғарылату бойынша үкімет тарапынан қабылданған негізгі шаралармен таныстырды. Осы тұрғыда инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жақсарту және вьетнамдық бизнес өкілдеріне Қазақстанда қолғабыс көрсету бойынша ашық сұхбатқа дайындық тағы да құпталды.

Өз кезегінде Министр Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда тәжірибесі мол болмағандығын атап өтіп, түрлі экономикалық алаӊдарда бизнес-форум, конференция және ынтымақтасудыӊ өзге форматтары негізінде вьетнамдық бизнес өкілдерін Қазақстанмен, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлерді Вьетнаммен кеӊінен таныстыру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды. Оныӊ пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою Қазақстан-Вьетнам ынтымақтастығын одан әрі тығыз дамыту үшін жақсы негіз бола алады.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы соӊғы 5 жыл ішінде, негізінен, Қазақстанға әкелінген вьетнамдық экспорты арқасында (2009 ж. - 88,379 млн., ал 2014 ж. - 272 млн. долл.) өсіп келе жатқан жағымды сальдомен сипатталып, 3 есе жоғарылады.

2005-2013 жж. арасында Қазақстанныӊ экономикасына тартылған вьетнамдық инвестициялар көлемі 2,4 млн. АҚШ долларын құрады, ал көрсетілген мерзімде Вьетнамға қазақстандық инвестиция тартылмаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны