09.06.2014, 22:10 3138

Ханойда қазақ-вьетнам қатынасы талқыланды

ҚР СІМ хабарлауынша, тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық екіжақты және көпжақты қатынастың бүгіні мен болашағын талқылады.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Ханойда Қазақстан Республикасы Елшісі Бекетжан Жұмахановтың Премьер-Министрдің орынбасары - Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрі Фам Бинь Минмен кездесуі өтті.

ҚР СІМ хабарлауынша, тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық екіжақты және көпжақты қатынастың бүгіні мен болашағын талқылады.

Вьетнамда Қазақстан Елшілігінің ашылуына орай Фам Бинь Минь сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму болашағын айта келіп, Вьетнамның Кедендік одақпен еркін сауда аймағын құру мәселесіне тоқталды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың арнайы 2017-2018 жылдары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын өткізу туралы хатын табыстады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны