03.06.2014, 20:37 2906

Хельсинкиде минералды ресурстарды пайдалану ынтымақтастығының қорытындысы шықты

"Орта Азия елдерінің геологиялық секторындағы ақпараттық жүйені жетілдіру мен дамыту" атты бірлескен жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Финляндияның Геологиялық қызметі арасындағы 2011 жылдан бергі бірлескен жұмысы болып табылады.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Хельсинки қаласында (Финляндия) "Минералды ресурстарды тұрақты пайдалану мақсатында ынтымақтастық қорытындысын шығару" тақырыбындағы семинар өз жұмысын бастады. Аталмыш шара Қазақстан мен Финляндия арасындағы геологиялық сала бойынша ынтымақтастығының қорытындысы болып табылады, деп хабарлайды Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.

"Орта Азия елдерінің геологиялық секторындағы ақпараттық жүйені жетілдіру мен дамыту" атты бірлескен жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Финляндияның Геологиялық қызметі арасындағы 2011 жылдан бергі бірлескен жұмысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы атынан ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев сөз алып, екіжақты ынтымақтастықтың жемісті жүріп жатқанын тілге тиек етті.

"Қазіргі таңда екіжақты ынтымақтастықтың қандай да бір факторлардан тәуелсіз еркін қанат жаюы керек. Бүгінде гидрогеологиялық және геофизикалық зерттеулерді қамти отырып жоба көкжиегін кеңейте түсу мүмкіндіктері қарастырылуда", - дейді ол.

Өз кезегінде Финляндияның Сыртқы істер министрлігі Ресей, Шығыс Еуропа мен Орта Азия департаментінің директоры Терхи Хакал Қазақстан қазіргі таңда аталмыш салада биік деңгейге көтеріліп, ендігі жерде мұндай жобаларды қолға алуда құзіреті мен тәжірибесінің жеткілікті түрде жетілгенін мәлімдеді. Ол Қазақстанды осынау жетістігімен құттықтай отырып Қазақстан мен Финляндияның өзара қатынасы форматын кеңейту мен ынтымақтастығын дамытуға мүдделі екенін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны