22.07.2014, 19:39 3204

ХҚКО-ларда көшірме қызметтерінің бағасы кемінде екі есе төмендейтін болады

Бұрын мұндай қызметті тек ХҚКО аумағында өз аппараттарын орнатқан жеке кәсіпкерлер көрсететін еді, мұнда бағасы 20-30 теңгені құраған, ал кейбір облыстарда бір көшірме 60 теңгеге дейін барған.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Облыс орталықтарының "ХҚКО" РМК 11 филиалында пилоттық жоба аясында көшірме аппараттары орнатылған. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттері көшірме-көбейту қызметтерін оңтайлы бағалар бойынша алатын болады, - деп ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінен хабарлады.

Бұрын мұндай қызметті тек ХҚКО аумағында өз аппараттарын орнатқан жеке кәсіпкерлер көрсететін еді, мұнда бағасы 20-30 теңгені құраған, ал кейбір облыстарда бір көшірме 60 теңгеге дейін барған.

"Біз халыққа қызмет көрсету орталықтарында сервистің сапасын үздіксіз арттыруға мүдделіміз. Көшірме-көбейту пункттері қызметінің құнына тек шығыс материалдары мен жұмысты ұйымдастыруға ғана шығындарды қамтиды. Біз клиенттер үшін аз шығындарға қол жеткізуге ұмтыламыз. Осыған байланысты көшірме-көбейту қызметтерінің бағасын 10 теңге деңгейінде бекіттік", - деді Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Сәрсенов.

Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның соңына дейін "ХҚКО" РМК көшірме-көбейту қызметтерінің тағыда 48 нүктелерін ашуды жоспарлап отыр. ХҚКО жаңа сервисі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және басқа облыстарда ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны