19.02.2013, 14:36 3834

"Хоргос-2" тау учаскесінде селге қарсы құрылыстар салынады

"Экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігінің МЖИ-мен одан әрі келісім жүргізуді жалғастыру үшін "Хоргос 2" техникалық-экономикалық негіздеме бойынша РБК мүшелерінің сырттай келісімін өткізуге сізден рұқсат сұраймын", - деп атап өтті ТЖМ басшысы.

Астана. 19-ақпан. Kazakhstan Today - Төтенше жағдайлар министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, "Хоргос-1" мен "Хоргос-2" учаскелеріндегі селге қарсы құрылыстарға техникалық-экономикалық негіздеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ТЖ министрі Владимир Божко ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігінің МЖИ-мен одан әрі келісім жүргізуді жалғастыру үшін "Хоргос 2" техникалық-экономикалық негіздеме бойынша РБК мүшелерінің сырттай келісімін өткізуге сізден рұқсат сұраймын", - деп атап өтті ТЖМ басшысы.

Қазіргі уақытта Хоргос өзені бассейнінде су тасқыны жағдайын азайту мақсатында "Хоргос" ШСҰО жанындағы арнаны тазалау мен түзету жүргізілген.

Қортындылай келе, министр облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қандай шара қолдану керектігін атап өтті.

Яғни, қалалар мен елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға, арық-канал жүйелеріндегі, өзен арналарындағы, су өткізетін және гидротехникалық құрылыстардың қар суының үлкен көлемін өткізуге дайындықты бәсеңдетпеуге, елді мекендерден қарды шығаруды жалғастыруға кеңес берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны