28.10.2010, 14:19 4407

"Хоргос" ХШЫО президенті бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды - қаржы полициясы

"Хоргос" ХШЫО президенті бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды - қаржы полициясы

Астана. 28 - қазан. Kazakhstan Today - "Хоргос" Халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы" АҚ президенті Нұрлан Сейдәлі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің ресми өкілі Мурат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Хоргос" Халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы" АҚ президенті Нұрлан Сейдәлі мен "Хоргос-Сервис" ЖШС еншілес кәсіпорынның бастығы Е. Рахымбаев қамауға алынды. Олар ЖШС жарғылық капиталын өсірді деген желеумен жалған кәсіпорынның есепшоты арқылы 190 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырған. Тергеу амалдары жүргізілуде",- деп хабарлады М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны