27.05.2015, 12:15 3916

Хорватия Қазақстанмен арадағы сауда байланысын жақсартуға мүдделі

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов хорватиялық әріптесі Зоран Милановичпен кеӊейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізуде. Келіссөздер барысында Хорватия Үкімет басшысы Қазақстанға сапармен алғаш рет келіп отырғанын атап өтті

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов хорватиялық әріптесі Зоран Милановичпен кеӊейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізуде. Келіссөздер барысында Хорватия Үкімет басшысы Қазақстанға сапармен алғаш рет келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өмірімде алғаш рет Қазақстанға сапарлау мен үшін зор мәртебе деп білемін. Дипломатиялық қызметтегі әріптестерімніӊ Қазақстанға келіп, елордаларыӊыздан мол әсермен оралғандығы есімде. Қазіргі уақытта біздер Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандырып, бизнес арасындағы ықпалдастықты тереӊдетудеміз", - деді ол.

Сонымен қатар Хорватия Үкімет басшысы өз елініӊ Қазақстанмен арадағы сауда байланысы өте төмен деӊгейде болып отырғандығын әрі оны жақсартуға мүдделі екендігін баса атап өтті.

"Бүгін Қазақстан-Хорватия бизнес-форумы өтеді. Сол шара барысында екі ел бизнесмендері арасында тығыз байланыс орнайтындығына үміт артамыз. Бұл ұзақ мерзімге созылатын достық пен ынтымақтастықтыӊ бастамасы деп білемін", - деді З.Миланович.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны