14.05.2013, 15:48 5943

Храпунов пен оның жұбайына қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды

Қазақстан құқық қорғау органдары тарапынан шетелде қашып жүрген Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейлаға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қаржы полициясының жетекшісі Рашид Түсіпбеков.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Храпунов пен оның жұбайына қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан құқық қорғау органдары тарапынан шетелде қашып жүрген Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейлаға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қаржы полициясының жетекшісі Рашид Түсіпбеков.

"В.В. Храпунов пен оның жұбайы Л.К. Храпуноваға қатысты қызмет бабын асыра пайдалану, алаяқтық жасау арқылы бюджет қаржысын ұрлау, ақша жымқыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық ету фактілері бойынша 24 қылмыстық іс қозғалды", деді ол сейсенбіде Tengrinews порталында пайдаланушылардың сауалдарына жауап берген кезінде онлайн-конференциясы барысында.

Бұрынғы қазақстандық шенеунікке сырттай айып тағылған, сот оны қамауға алуға санкция берген. Ол халықаралық іздестірілуге берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны