18.05.2020, 21:56 4096

Экология министрi Түркістан облысының су шаруашылығы нысандарының жағдайын тексеріп шықты

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің еліміздің оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары барысында Түркістан облысындағы су нысандары мен арналарды аралап шықты.

Алматы. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Экология министрi Түркістан облысының су шаруашылығы нысандарының жағдайын тексеріп шықты.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің еліміздің оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары барысында Түркістан облысындағы су нысандары мен арналарды аралап шықты.

"Бүгін Түркістан облысындағы су нысандарының ахуалымен, арналарды тазалау жұмыстарымен таныстым. Суармалы жерлерді үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін өңірде ұзақтығы 108 шақырым арнаны механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалау жұмыстары 74%-ке орындалды", - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, өңірдегі су басудың салдарынан арналарды тазалау кейінге қалдырылды. Барлық бұрын жұмылдырылған техника төтенше жағдай салдарын жоюға жіберілді. "Осыған қарамастан белгіленген жұмыстарды мерзімінде аяқтауға тырысамыз", - деді ведомство басшысы.

Министр сондай-ақ қазіргі уақытта плотинаны жөндеу және жер сілкінісіне төзімділігін арттыру үшін құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатқан Шардара су қоймасына барды. М.Мырзағалиевтің айтуынша, жобада 125 адам жұмыс істеуде. Оны келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны